RU
Толық нұсқаға өту

BBC бірнеше мың қызметкерін қысқартады

17.04.2026, 08:00 33

Британиялық BBC хабар тарату корпорациясы қызметкерлерін жаппай қысқартқалы жатыр. «2 мың адам жұмыстан шығуы мүмкін», - деп хабарлайды  Sky News телеарнасы.

Кейінгі 15 жылда мұндай ауқымды қысқарту болмаған. Қатаң шешімге қаржылық қиындықтар себеп. Оның ішінде телевизиялық лицензиялар мен коммерциялық қызметтен түсетін кірістің азаюы бар. Бұдан бөлек, қымбатшылық пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы да кесірін тигізіп отыр. Қысқарту арқылы BBC компаниясы алдағы 2 жылда шамамен 500 миллион фунт стерлингтті үнемдемек. Қазір бұл мекемеде 22 мың қызметкер жұмыс істейді.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz