АҚШ Еуропа елдеріне жеткізілетін қару-жарақ көлемін азайтады. Бұл жөнінде Балтық жағалауы және Скандинавия елдеріне арнайы ескертілді.
Иранға қарсы соғыс салдарынан қару саны айтарлықтай азайған. Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, осыған дейін сатылым бойынша келісімшарт жасалған. Енді тауардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты бірқатар ел шағымданып отыр. Бұл қорғаныс саласындағы шараларға кедергі келтіріп жатыр. Енді еуропалық мемлекеттер өздерінде өндірілген қару-жарақ түрлерін сатып алуға бет бұрады.
Тегтер #АҚШ #Еуропа #қару жарақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz