RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай бағасы түсуі мүмкін

17.04.2026, 19:07 37

Қара алтынның құны құлдырайды. Биыл Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 80 доллар көлемінде болады деп болжанып отыр. 

Ал 2027-2028 жылдары бұл көрсеткіш 70 АҚШ долларына дейін төмендеуі мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады. Онда инфляция, жалпы ішкі өнім, базалық мөлшерлеме туралы болжамдар легі жазылған. Мәселен, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,0% деңгейінде, 2027 жылы – 4,6%, 2028 жылы – 4,3% болады деп болжанды. Бұл факторлар теңгеге әсер ететіні белгілі. 

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Инфляциялық күтулер – 8,0%-дан 8,6%-ға дейін 2027 жылға қайта қаралды. Ал 2026 және 2028 жылдарға арналған бағалаулар тиісінше 10,0% және 7,0% деңгейінде сақталды. Осыған байланысты базалық мөлшерлеме бойынша 2027 жылға арналған медианалық болжам да жоғарылады – 12,0%-дан 13,3%-ға дейін. 2026 жылдың соңына арналған күтулер 15,9% деңгейінде сақталды, 2028 жылға – 11,0%-дан 11,3%-ға дейін аздап көтерілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz