Иран АҚШ-қа байытылған уран қорын беруге ниетті емес. Бұл жөнінде Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді.
Оның айтуынша, «байытылған уран біз үшін Иран топырағы сияқты қасиетті және ол ешқашан, ешкімге берілмейді» деді. Осылайша, Тегеран Дональд Трамптың пікірін жоққа шығарып отыр. Ақ үй басшысы осыған дейін Иранның уран беруге келіскенін хабарлаған еді. Тіпті CBS News телеарнасына берген сұхбатында байытылған уранды елден шығару жұмыстары ирандықтармен бірлесіп жүзеге асады деп жауап берді. Трамптың мәлімдеуінше, алдағы бір-екі күнде бейбіт келісім жасалуы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #АҚШ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz