Чили билігі заңсыз мигранттарды жаппай депортациялау шараларын бастады. Бұл шешімді ел президенті Хосе Антонио Каст көші-қон саясатын қатаңдату аясында қабылдаған.
Жалпы 180 мыңнан астам мигрант елден шығарылуы мүмкін. Оның шамамен 6 мыңы түрлі деңгейдегі қылмысқа қатысы бар. Сондай-ақ үкімет елдің солтүстігінде шекаралық бақылауды күшейту жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Жоспар аясында қоршаулар орнату, бақылауды арттыру және стратегиялық аймақтарға әскери күштерді орналастыру көзделген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Чили #миграцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz