RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың әскери кемесі Қызыл теңізге қайтты

18.04.2026, 15:00 39

Иранға қарсы операцияларда қолданылған Американың «Джеральд Форд» атты ұшақ тасығыш кемесі Қызыл теңізге қайтты.

Әскери кеме Суэц каналынан өтіп, екі эсминецтің сүйемелдеуімен айлаққа кірді. Associated Press агенттігінің мәліметінше, кеме өрттен кейінгі жөндеу жұмыстарына байланысты Хорватияның Сплит портында бір айдан астам уақыт тұрған. Ал кеменің АҚШ жағалауынан шыққалы бері 10 айға жуық уақыт өтті. Қазір Таяу Шығыста «Авраам Линкольн» кемесі де бар. Бұдан бөлек тағы да «Джордж Буш» кемесі Парсы шығанағына аттанды. Оның бортында 48 жойғыш ұшақ бар. Флотилияның нақты қай аймаққа орналастырылатыны әзірге белгісіз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz