Ливан мен Израиль арасындағы бітім іс жүзінде толық күшіне енген жоқ. Алайда халық жаппай елдің оңтүстігіне ағылып жатыр.
Израиль тұрғындарға қайтып оралмауын қатаң ескерткен болатын. Өйткені Израиль оңтүстіктегі бірқатар қалаға соққыны үдетті. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Ал ел ішіндегі негізгі жолдар мен көпірлер қирап қалған. Бұған қарамастан жүгін жиып, жаяу ағылған адам қарасы көп. Олардың дені бірнеше күн бойы шатырларда бас сауғалап, далада түнеген. Ресми дерекке сүйенсек, кейінгі 6 аптада Израиль шабуылдарынан 2000-нан астам адам қаза тапты. Оның ішінде 172 бала мен 91 медицина қызметкері бар. Сондай-ақ 7000 адам ауыр жарақат алған.
Тегтер #Ливан #Израиль #бітімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz