RU
Толық нұсқаға өту

ХАМАС қару-жарақ қорының жартысын тапсыруға дайын

20.04.2026, 13:30 38

Ол үшін әуелі Газа секторынан Израиль әскері толық шығарылуы керек. «Нью-Йорк Таймс» басылымы жазған ақпарға сүйенсек, қазір қарулы топтың қолында мыңдаған қарудың түрі бар.

Енді бұл арсенал Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетке берілуі мүмкін. Аталған орган Бейбітшілік кеңесінің аясында құрылған болатын. 

Сарапшылар ХАМАС-тың шешімі күтпеген қадам болғанын айтады. Осыған дейінгі келіссөздерде қарулы топ қаруын тапсыруға үзілді-кесілді қарсы болып келген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz