RU
Толық нұсқаға өту

Ирак Сирия арқылы тауар тасымалдайды

21.04.2026, 10:00 37

Парсы шығанағындағы кеме қозғалысының іркілуінен Таяу Шығыстағы бірқатар елдің саудасы тоқтап қалды.

Енді олар тауарды теңізбен емес, құрлықпен тасымалдауға көшті. Ирак Сириямен шекарада орналасқан "Рәбия" бекетін 10 жылдан кейін қайта ашты. Осыған дейін бұл мемлекет мазут экспортының негізгі бөлігін Парсы шығанағы жағалауындағы Хор-эз-Зубайр терминалы арқылы тасымалдап келген. Енді оны Сирия арқылы құрлықпен жеткізбек. Ол үшін Ирак Сирияға айына 650 мың тонна мазут жөнелтеді. Энергетика саласы мамандарының пікірінше, бұл Ирақтың көлік және шекаралық инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ салғанымен, экспортты сақтаудың жалғыз жолы болып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz