Белгісіз біреулер тасымалдаушы компанияларға бұғаз арқылы кедергісіз өткізіп береміз деп ұсыныс жасайды.
Ал сыйақы ретінде Bitcoin немесе Tether криптовалюталарын сұрайды. Рейтер агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, қаскөйлер өздерін Иран өкілдері ретінде таныстырады. Сондай-ақ олар транзиттік немесе кедендік алымдарды талап етеді. Бұған дейін теңіз қауіпсіздігі ұйымы бұғаздан шығуға тырысқан кемелердің бірі осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын жеткізді. Тегеран бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ. Қазір Парсы шығанағында жүздеген кеме қаңтарылып тұр.
Тегтер #Ормуз бұғазы #алаяқтық #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz