Мұндай бастаманы Бейбітшілік кеңесі көтерді. Financial Times басылымының дерегі бойынша, жаңа порт Мысырмен шекаралас жағалау маңында салынады.
Жоба гуманитарлық жүкті қауіпсіз жерде сақтауды және оны жедел жеткізу үшін еркін сауда аймағын ашуды көздейді. Еске сала кетейік, Бейбітшілік кеңесі ақпан айында Газа секторын қалпына келтіру бойынша жоспарын ұсынған еді. АҚШ бұл мақсаттарға 10 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері тағы 7 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге ниетті.
Тегтер #Бейбітшілік кеңесі #Газа секторы #портPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz