RU
Толық нұсқаға өту

Израиль-Ливан келіссөзі 23 сәуірде өтеді

21.04.2026, 23:17 26

Израиль мен Ливан арасында келіссөз 23 сәуірде АҚШ-та өтеді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. 

Басқосуға  екі елдің елшілері қатысады. Бұл тараптардың 10 күндік оқ атпау режимі күшіне енгеннен кейінгі алғашқы кездесуі. Бітім АҚШ-тың араағайындығымен 16 сәуірде орнаған еді. Алдағы келіссөздер сәтті өтсе, уақытша бітім ұзаруы мүмкін. Жалпы Израиль мен Ливанның арасы Иранға шабуыл жасалған соң 2 наурызда ушықты. «Хезболла» қозғалысы Тегеранға қолдау көрсетіп, Израиль әскерімен қарулы қақтығысқа түскен еді. Ливандағы ұрыс кезінде 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 6 мыңы жараланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz