Біріккен Араб Әмірліктерінде оқушылар мектепке оралды. Кейінгі жеті апта бойы балалар қашықтан оқыған еді.
Бұған Иранның Араб елдерін зымыранмен атқылауы себеп. Енді қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, мектептер қайта ашылды. Әр ғимаратта қауіп төнген жағдайда эвакуацияланатын арнайы "жасыл аймақтар" белгіленген. Бұған дейін әуе қорғаныс жүйелері Ираннан атылған зымырандардың басым бөлігін дарытпай атып түсіргенмен, құлаған сынықтар бірнеше ғимаратты зақымдаған. Елдің инфрақұрылым, бөлшек сауда және туризм салаларына елеулі зиян келді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БАӘ #мектепPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz