Иран АҚШ-тан бейбіт бітімге келуді сұраған жоқ және сұрамайды да. Парсы елінің Парламентіндегі Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қарым-қатынас комиссиясының төрағасы Ибрахим Азизи осылай деп мәлімдеді.
Ол Құрама Штаттардың келісімдерді бұзу және уәдесінде тұрмау әрекеттерін сынға алды. Осының алдында Дональд Трамп Пәкістандық делдалдардың өтінішінің негізінде оқ атпау режимін ұзартқанын айтқан болатын. Бейбіт бітім екі аптаға созылып, кеше мерзімі аяқталды. Трамп ұзартқан оқ атпау режимінің қай уақытқа дейін созылатынын нақтылаған жоқ.
Ибрахим Азизи, Иран Парламенті Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қарым-қатынас комиссиясының төрағасы:
- Көптеген азаматымыз керісінше «40 күнге созылған соғыстан кейін не үшін оқ атпау режиміне келістіңіздер» деп бізді айыптап жатыр. Олар бейбіт бітімнің орнына тізе бүккен жауды соңына дейін тықсырып, біржолата талқандап тастау керек еді дегенді айтады. Алайда ол кезде біз соғыстың әдеп қағидаларына адал болуды ұйғардық. Негізі атысты тоқтату – қайта күш жинауға жақсы мүмкіндік. Біз мұны барынша жақсы пайдаланып жатырмыз. Басқыншыны ауыр жазаламай, оларға өкініштің ащы зарын таттырмай, шайқас алаңынан кетпейміз.
Тегтер #Иран #АҚШ #бітімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz