Ливан мен Израиль арасындағы оқ атпау режимі 3 аптаға ұзартылды.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үйде кездескен тараптар осындай мәміле жасады. Басқосуға Израиль мен Ливанның АҚШ-тағы елшілері келген. Трамп жақын арада Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Ливан президенті Джозеф Аунды қабылдайтынын, осы сәтті асыға күтетінін хабарлаған. Ливан мен Израиль 17 сәуірде 10 күн бойы оқ атпауға уағдаласқан еді. Яғни осы жексенбі алғашқы мәміленің соңғы мерзімі болатын.
Тегтер #Ливан #Израиль #бітім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz