Илон Маск Cybercab деп аталатын жаңа роботакси іске қосылатынын жариялады.
Темір тұлпардың рөлі мен басқышы жоқ, жасанды интеллект жүйесімен басқарылады. Роботакси толықтай автономды көлік құру бойынша Тесла стратегиясының бір бөлігі саналады. Жаңа көлік қазірдің өзінде АҚШ-тың бірнеше қаласында сынақтан өтіп жатыр. Барлығы ойдағыдай болса биылдан бастап жаппай қолданысқа енгізіледі. Айта кету керек, таксимен бір шақырым алты жүз метр жүріп өту үшін шамамен 1 доллар төлейсіз. Ал электромобильдің өзі 30 мың доллар тұрады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Илон Маск #роботакси #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz