АҚШ-Иран келіссөздері өтпейтін болды. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эсмаил Багаи мәлімдеді.
Қазір Ислам мемлекетінің басты дипломаты - Аббас Аракчи Пәкістан астанасында. Ресми сапар аясында осы елдің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр. Бірақ Құрама штаттармен тікелей келіссөздерге қатыспайды. Иран өз ұстанымын арағайындық етіп отырған Пәкістан тарапына жеткізбек. Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Вашингтон делегациясының бүгін Исламабадқа келетінін айтқан еді. Қазір шаһарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz