Түркия Гран-приі келесі маусымда «Формула-1» күнтізбесіне қайта оралады.
Associeted Press мәліметтеріне сүйенсек, тараптар «Ыстанбұл Парк» автодромында жарыс өткізуді қамтамасыз ететін бес жылдық келісімге қол қойды. Бұған дейін Сауд Арабиясы мен Бахрейндегі кезеңдер Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты тоқтаған еді. Сондықтан ұйымдастырушылар жоспарларын шұғыл өзгертуге мәжбүр болды. Бұл келісім Түркия әлемдегі ең ірі іс-шаралар үшін қауіпсіз алаң екенін дәлелдейді деді,- ел президенті Режеп Тайип Ердоған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркия #формула1Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz