Алматыдан шыққан велосаяхатшылар Куала-Лумпурға жетті.
Қазақстандық ерлі-зайыпты жеті айда 5 мың шақырымнан астам жол жүріп, Қытай, Вьетнам және Таиланд аумағы арқылы Малайзияға барды. Олар бұл сапарға бала күнгі армандарын жүзеге асыру үшін шыққан. Азия құрлығындағы осы өңірдің мәдениеті мен тарихына қызығатындарын айтады. Сапарды осы елдер арасындағы визасыз режим жеңілдеткен. Алдағы айда олар Сингапур арқылы Индонезияға жол тартпақ.
Алина Пак, велосаяхатшы:
- Бұл сапардағы мақсаттарымыздың бірі – Қазақстанды таныстыру. Жергілікті тұрғындар үлкен қызығушылық танытып, қайдан келгенімізді сұрайды. Біз жолай тоқтап, еліміз туралы айтып береміз, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеміз. Әлеуметтік желілерде де видео, суреттермен бөлісеміз. Сол арқылы Қазақстанға барғысы келетіндер көбейіп жатыр. Басым бөлігі қарды және тауларымызды өз көздерімен көргісі келеді.
Максим Пак, велосаяхатшы:
- Жолда қиындықтар да болды. Әсіресе Қытайдың таулы аймақтарында, Вьетнаммен шекараға жақын жерде биіктігі 3 мың метрге дейін жететін асулардан өттік. Бір апта бойы үздіксіз жүріп келдік. Оған қоса ауа райы қолайсыз болып, температура бірден минус бес градусқа дейін төмендеді. Шатырда түнеп, от жағып жылындық. Физикалық тұрғыдан да, моральдық жағынан да оңай болған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #велосаяхат #ерлізайыптылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz