Ливанда жағдай шиеленісіп тұр.
Елдің оңтүстігіндегі Сидон қаласынан жүздеген көлік пен жүк көлігі солтүстікке қарай ағылып жатыр. Күні кеше Израиль тұрғындарға аймақтан шұғыл кету туралы ескерту жасаған еді. 17 сәуірде күшіне енген Израиль мен Хезболла арасындағы уақытша бітім тағы үш аптаға ұзартылды. Десе де, тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап отыр. Қақтығыс салдарынан Ливанда 2 мың 500-ден астам адам қаза тауып, тағы 7 мың 700-і жараланған.
Тегтер #Ливан #халық #24KZ арнасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz