RU
Толық нұсқаға өту

Колумбияда терактіден 20 адам қаза тапты

27.04.2026, 09:00 40

Колумбиядағы тас жолда болған жарылыс салдарынан 20 адам қаза тапты.

Оқиға кеше елдің оңтүстік-батысындағы Кахибио провинциясында болған. Қаскөйлер жол бойына жарылғыш құрылғы қойып, азаматтық көлік өтіп бара жатқан сәтте қашықтан іске қосқан. Тағы 36 адам жарақат алды. Қазір жергілікті ауруханалар төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, ФАРК ұйымы мен Колумбия үкіметі 10 жыл бұрын қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген. Кейін топ саяси партияға айналғанымен кейбір содырлар әлі күнге дейін билікке қарсы күш көрсетіп келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz