RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда балаларды лагерь емес, кітапхана тәрбиелейді

27.04.2026, 16:04 41

Енді бір айда жер жаһанның түкпір-түкпірінде миллиондаған оқушы жазғы демалысқа шығады. 

Десе де әлем елдерінде бұл уақытты өткізу тәсілі мен форматы әртүрлі. Бір елде білімге басымдық берілсе, енді бір жерде қолөнер мен өмірлік дағдылар үйретіледі. Сонымен әлем елдерінде оқу демалысы кезіндегі бос уақыт қалай ұйымдастырылады? 

Қытайдың ауыл аймақтарында балаларды лагерьмен емес, кітап оқуға үйрету арқылы дамытуға басымдық беріле бастады. Бұған жергілікті электр компаниясының қызметкері бастамашы болған. «Чжоу Ипин бұрын кітапқа қол жеткізу қиын еді», - дейді. Кітаптың жоқтығынан емтиханнан сүрініп, жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалыпты. Сондықтан жазғы демалыста балалар бос жүрмесін деп, 10 жыл бұрын өз қаражатына тегін ауыл кітапханасын ашқан. Содан бері оның бұл идеясын қолдаушылар көбейген. Қазір Қытайдың біраз ауылында бірнеше кітапханасы жұмыс істейді. «Арнайы жазғы үйірмелер ашып, балаларды ғылым мен өнерге де баулимыз», - дейді. 

У Яньсюань, оқушы:

- Осыған дейін 100-ге жуық кітап оқыдым. Уақытымды тиімді өткізіп қана қоймай, өзім сияқты жаңа достар таптым. 

АҚШ-та лагерьдегі балаларды әжелер тәрбиелейді

Ал АҚШ-та лагерьдегі балаларды әжелер тәрбиелейді. Қазіргі жеткіншектердің санасы жаһандануға икемделген. Тіпті қарапайым дағдыларды да ұмыта бастаған. Сондықтан Калифорния штатында болашақ ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамаған қариялар жазғы лагерь ашуды ұйғырыпты. Үш айда қыздар тігін машинасымен жұмыс істеуді үйренеді. Сондай-ақ тамақ жасап, қолөнердің қыр-сырын меңгереді. 

Мәриям Абауи, оқушы:

- Маған ұнайды. Тігін тігу сияқты жаңа нәрселерді үйрендік. Осындай үлкен кісілердің білгендерін тыңдаған өте қызық.

Жапон мен корей балалары демалыста да оқиды

- Ең қысқа оқу демалысы Азияда. Жапония мен Оңтүстік Кореяда жазғы демалыс небәрі 4 аптадан 6 аптаға дейін ғана созылады. Балалар уақытын далада емес, көбіне партада отырып өткізеді. Өйткені бұл елдерде білім бойынша бәсеке өте жоғары және академиялық талаптар тым қатал. Сондықтан оқушылар жазғы демалыста да оқудан қол үзбейді. Ата-аналары ұл-қыздарын болашақ мамандығына қатысы бар лагерьлерге жібереді.

Ал қазіргі балалар телефонмен тыныстап, смартфонмен сырласатын халге жетті.  «Сондықтан алтын уақытын алақандай құрылғыға жұмсаған оқушылардың жазда уақытын бос өткізбей, өмірге қажетті дағдыларын қалыптастыру аса маңызды», - дейді сарапшылар. 

Авторы: Зайнұр Байжігіт

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz