Биткоин бағасы 80 мың долларға жуықтады. Жалпы алғанда криптовалюта ақпан айының басынан бері өз құнының шамамен 20%-ын қайта қалпына келтіріп үлгерді.
Сонымен қатар эфир деп аталатын цифрлық валюта бағасы да өсім көрсетті. Ол қазір шамамен 2 320 долларға саудаланып жатыр. Сарапшылар қор нарығындағы өзгерісті компаниялар мен америкалық биткоин-қорлар тарапынан сұраныстың жоғары болуымен байланыстырып отыр.
Тегтер #Bitcoin #баға #өсімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz