Таяу Шығыстағы шиеленістен электроника шығаратын компаниялардың шығыны артты. Өйткені, қазір микрочип тапшы.
Өткен айда Сауд Арабиясындағы мұнай зауыты шабуылға ұшырады. Reuters агенттігінің дерегі бойынша, бұл чип шығаруға қажетті шайыр өндірісінің тоқтауына әкелді. Әлемдегі синтетикалық заттың 70 пайызы осы зауытта өндірілетін. Ормуз бұғазында кеме тасымалының шектелуі де жағдайды одан бетер ушықтырды. Экспортаушы елдер тауар тасымалдаудың балама бағытына ауыса бастады. Алайда сапар ұзарып, тауар бұрынғыға қарағанда бірнеше аптаға кешігіп жатыр. Бұл шыны талшықтары мен мыс секілді металдың 30 пайызға қымбаттауына әсер етті.
Тегтер #Таяу Шығыс #микрочип #қымбаттауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz