Бірқатар өңірде ақтүтек боран соғып, жаңбыр аралас қалың қар жауды. Ағаштар тамырымен қопарылып, ондаған көлік бүлінді.
Күн райының қолайсыздығынан Мәскеуде әуе компаниялары рейстер кестесін өзгертті. Бүгін 50-ден аса ұшақ сапарға жіберілген жоқ. Құтқарушылар қауіптің жоғары деңгейін жариялады. Мәскеу облысында да жағдай қиын. 50 елді мекен жарықсыз қалды. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша, Сібір, Еділ, Орталық және Солтүстік-батыс федеральды округтерінде 31 тұрғын жарақат алды. Ал Самарада бір қыздың үстіне ағаш құлап, опат болды.
Дулат, Мәскеу тұрғыны:
- Бізге дүйсенбі күні жаңбыр аралас қар жауатыны туралы смс хабарлама келді. Алайда осылайша болады деп ешкім күтпеді. Ағаш көлігімнің жанына құлапты. Еш жері бүлінбеген.
Тегтер #Ресей #қалың қар #табиғат #Төтенше жағдайлар министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz