RU
Толық нұсқаға өту

Ф. Мерц: АҚШ-та ешқандай стратегия жоқ

28.04.2026, 07:30 37

«АҚШ-та Иранға қарсы соғыста ешқандай стратегия жоқ. Қақтығысқа кірісу қаншалықты маңызды болса, оны аяқтап, одан шығу да соншалықты маңызды».

Германия канцлері Фридрих Мерц студенттермен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, АҚШ, Ауғанстандағы соғыста да қате стратегия ұстанып, 20 жылын жоғалтты. Иракта да осындай олқылыққа жол берген. 

Фридрих Мерц, Германия канцлері:

- АҚШ-тың Иранға қатысты стратегиясы жан-жақты ойластырылмаған. Мен америкалықтарды түсінбей отырмын. Керісінше Ирандықтар келіссөздерді өте шебер іліп әкетті. Олар америкалықтарға Исламабадқа баруға мүмкіндік берер емес. Барлық уәждерін нәтижесін етіп, тығырыққа тіреп отыр. Біз, еуропалықтар келіссөздер аяқталғаннан кейін Ормуз бұғазын қайтадан ашуға көмектесуді ұсындық және дайын екенімізді айттық. Біз Германиядан минадан тазарту қайықтарын жіберуді де ұсындық. Бірақ бұлардың қашан іске асатынын көре алмай тұрмын. Ирандықтардың ұстанымы мықты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz