Индонезияда екі пойыз соқтығысты. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша Бекаси қаласының теміржол стансасында тұрған құрамға алыс бағытқа қатынайтын екінші пойыз соғылған.
Қазір құтқару шаралары жүріп жатыр. Оқиға орнында 20-дан аса жедел жәрдем көлігі тұр. 4 адам опат болған. Тағы 38 жолаушы жараланды. Индонезия Парламенті спикерінің орынбасары Суфми Даско Ахмадтың айтуына қарағанда опат болғандар саны әлі артуы мүмкін. Апат себебі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр. Жалпы Индонезияда темір жолы желісі әбден тозып тұр. Сол себепті апат жиі болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Индонезия #апатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz