RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға қысымды күшейтті

28.04.2026, 11:20 56

АҚШ Иранмен арадағы келіссөз тығырыққа тірелген соң, бес қаруын сайлап, сақадай сай отыр. Ислам Республикасы маңына ұшақ тасығыш кемелерін орналастырды.

Борттарында 100 жойғыш ұшақ топтастырылған. Көбі «Томагавк» ракеталарымен жабдықталған. Қызыл теңізге де қосымша ұшақтарын әкелді. Қазір Таяу Шығыста Құрама штаттардың 200-ден аса әскери әуе кемесі шоғырланған. Бұдан бөлек, Ұлыбританияда бомба тасығыш ұшақтары дайын тұр. Сондай-ақ Вашингтон Тегеранға экономикалық қыспақты күшейтті. Құрама штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессент Иран ұшақтарына  қызмет көрсеткен елге санкция салатынын ескертті. Осыған дейін Қытайдың және Араб әмірліктерінің 20 компаниясы қара тізімге ілікті.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz