RU
Толық нұсқаға өту

Газада 61 млн тонна қоқыс бар

28.04.2026, 11:40 40

Газа секторында 61 млн тонна қоқыс бар. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аймақтағы кеңсесінің басшысы Алессандро Мракич мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірге таудай үйілген қоқыстың 287 мың тоннасы ғана жиналған. Қалдықтар құдықтарды бітеп, одан бөлек медициналық орталықтар мен ауруханаларға баратын жолдарды жауып тастады. Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік банк арнайы бірлескен зерттеу жүргізіп, Газаға келтірілген зардаптың есебін жариялады. Онда осы шағын аймақты қалпына келтіру үшін алдағы он жылда 71,4 млрд доллар қажет екені жазылған. 

Алессандро Мракич, БҰҰ Даму бағдарламасының Газадағы кеңсесінің басшысы:

- Мұндай қоқыс Газада бұрын-соңды болмаған еді. Олармен күресу біздің пешенімізге жазылыпты. Аймаққа гуманитарлық көмек жеткізудегі ең басты кедергі осы қалдықтар. Біздің жұмысымыз қоқысты жинау, сұрыптау, ұсақтау және қайта өңдеуді қамтиды. Әзірге жинаған қалдықтарды жолдарды қалпына келтіруге және баспаналар мен қоғамдық асханаларға арналған алаңдарды төсеуге пайдаланып жатырмыз. Бұл бір жағынан өте қауіпті жұмыс. Қоқыстың арасында жарылмаған мина немесе басқа оқ-дәрі болуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz