RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде әскери шығын артты

28.04.2026, 20:27 25

Былтыр әлемде әскери шығындар рекордтық 2,89 трлн долларға жетті.

Бұл туралы Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты хабарлады. Көш басында АҚШ, одан кейін Қытай және Ресей тұр. Өткен жылы бұл елдер әскер әлеуетін дамыту үшін 1,48 трлн доллар жұмсаған. Бұл әлемдік жалпы шығынның 51%-ы. Әскери шығындардың жаһандық өсіміне Еуропа елдері де елеулі ықпал етті. Аймақтағы көрсеткіш 864 миллиард долларға жетті. Ал Таяу Шығыс әскерге 218 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Жапонияның шығындары 9,7 пайызға ұлғайып, 62 миллиард доллардан асты. Бұл кейінгі 68 жылдағы ең жоғарғы өсім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz