RU
Толық нұсқаға өту

Иран Ормуз бұғазы бойынша заң қабылдайды

28.04.2026, 20:48 41

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алудың жаңа жолын қарастырып жатыр.

Бұл туралы Гардиан ((Guardian)) басылымы жазды. БҰҰ-ның теңіз конвенциясына сай, бұғаздағы транзит тегін болуға тиіс. Тек қызмет көрсеткені үшін төлемақы талап ета алады. Тегеран осы мүмкіндікті пайдалануды көздейді. Су көліктеріне жол көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткеніміз үшін ақы сұраймыз - дейді. Бұл істі толығымен Ислам революциясы сақшылар корпусы басқарады. Өткен аптада Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Оманға барып, бұғаз мәселесін талқылады. Стратегиялық су жолы екі елдің аумағына тиесілі. Егер заң күшіне енсе, Тегеран бюджетін толтырып қана қоймай, саяси ықпалын күшейтеді, дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz