2030 жылға қарай Ауғанстанда 25 мыңнан аса мұғалім мен дәрігердің орыны бос қалуы мүмкін.
Бұл ЮНИСЕФ-тің болжамы. Өйткені 2021 жылдан бері ауған билігі қыздарға білім алуға тыйым салды. Қазір мектепке бармайтын бұрымдылардың саны 1 миллионнан асады. Ал медицина саласында маман жетіспесе, ана мен баланың емделуі қиындайды. Сондай-ақ әйелдердің еңбекке араласуын шектеу экономикаға ондаған млн доллар шығын келтіреді, дейді ЮНИСЕФ өкілдері. Сондықтан ауған билігін қыздардың білім алуына жағдай жасауға шақырды.
Тегтер #Ауғанстан #мұғалім #дәрігер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz