Ұлыбритания патшасы ІІІ Чарльз бен патшайым Камилла АҚШ-қа барды.
Мәртебелі меймандарды Ақ үйде Дональд Трамп және Құрама Штаттардың бірінші ханымы Мелания Трамп қарсы алды. Президент британдық монархты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай арнайы шақырған. Бұл патшаның таққа отырғалы бері АҚШ-қа алғашқы мемлекеттік сапары. Маңызды кездесу Вашингтон мен Лондон арасындағы тарихи байланыстарды нығайтуды көздейді. Ақ үйдегі жылы жүздесуден соң ерлі-зайыптылар Ұлыбритания елшісінің резиденция бағында өткен ресми жиынға қатысты. Сапар барысында ІІІ Чарльз Конгресте сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Тегтер #Ұлыбритания #Чарльз III #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz