RU
Толық нұсқаға өту

Иранда жұмыссыздық белең алды

28.04.2026, 23:14 28

Иранда жұмыссыздық белең алды.

Қазір елде жаппай қысқартуға ұшырағандар саны 2 миллионға жуықтайды. Бұл жергілікті Еңбек және әл-ауқат министрлігінің дерегі. Қақтығыс өршігелі өндіріс орындары, бөлшек сауда мен логистика салалары құлдыраған. Әуе соққыларынан кейін туризм бағыты да тұралап тұр. Кейінгі инфляция деңгейі 70%-дан асып жығылады. Үкімет жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау үшін шағын несие бағдарламаларын іске қосты. Сарапшылар, егер тараптар бітімге келмесе, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай одан әрі шиеленісуі мүмкін деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz