АҚШ-тың Иранға қарсы соғысының құны 65 млрд доллардан асты. Бұл туралы Iran War Cost Tracker порталы хабарлады.
Құрама Штаттар қарулы қақтығысқа әр секунд сайын 11,5 мың доллар жұмсап жатыр. Ресурс сарапшылары әскери құрам мен аймаққа жіберілген кемелерді және өзге де шығындарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат көлемін есептеген. Есеп Пентагонның баяндамасына негізделген. Бұған дейін АҚШ-тың Соғыс министрі операцияның алғашқы үш күнінде 11,3 млрд доллар жұмсалғанын, әрі қарай бір күнге 1 млрд доллар бөлінгенін мәлімдеген еді.
Тегтер #АҚШ #соғыс #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz