Бұл – энергия үнемеудің амалы. Қазір шығынсыз су көлігі Британия мен Францияның арасында жүзіп жүр.
Катамаранның ұзындығы – 17 метр. 12 жолаушы сыяды. Желкенді қайыққа ешқандай жанармайдың қажеті жоқ. Екі қаланың арасына 4-5 сағат жүреді. Бір кемшілігі, желсіз күнде жүрісі баяулап қалуы ықтимал. Сол себепті қозғалтқыш та орнатылған. Алайда былтырдан бері, кідіріс көп болмаған. Рейстердің 70 пайызы желдің күшімен іске асқан. Желкенді қайыққа отыру құны да әдеттегі кеме бағасынан арзандау.
Эндрю Саймонс, стартап авторы:
- Біз бір жылдық мерзімде 465 жолаушы мен 135 белесебет тасымалдадық. Биыл жолаушылардың санын мың адамға жеткізсек дейміз. Негізі сұраныс артып келеді. Бұл – ағылшын арнасынан өтудің ең табиғи жолы. Біз жел, толқын сияқты тек табиғи ресурстарды ғана пайдаланамыз. Терминалдан өту үшін ұзын-сонар кезекке тұрудың, тексерістен өтудің еш қажеті жоқ. Тікелей қайығымызға келіп отырасыз.
Тегтер #Еуропа #қайық #жолаушыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz