Ирандағы жағдай ушығуы мүмкін деген үрей-қорқыныш әлем нарығындағы мұнай бағасын тағы да көтерді.
«Брент» маркалы қара алтын құны үш пайызға өсіп, 126 долларға жеткен. Сарапшылардың айтуынша, бұл кейінгі 4 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. WTI бағасы да 1 жарым пайызға артып, 108 долларға саудаланды. «АҚШ Иранның инфрақұрымылын атқылауы мүмкін» деген хабар отқа май құя түскен. Сондай-ақ әлемдік ақпарат құралдары «Вашингтон Ормуз бұғазының бір бөлігін бақылауға алуды жоспарлап жатыр» деген жаңалықты жарыса жазып жатыр.
Тегтер #Әлемдік мұнай #баға #өсімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz