Ормуз бұғазы алдағы айларда ашылмаса, ғаламдық инфляция қазіргі 3,8 пайыздан 4,4 пайызға артуы мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп ескертті. Айтуынша, әлемде туындаған тыңайтқыш тапшылығы 45 миллион адамның аштыққа ұшырауына себеп болмақ. Гутерриш «Біріккен Ұлттар Ұйымы дағдарысты еңсеру бойынша жоспар құрып жатқанын және Халықаралық теңіз ұйымының бас хатшысы Арсенио Домингес пен Жобалық қызметтер кеңсесінің өкілі Джордж Морейра да Силваны Таяу Шығыс аймағына жібергенін мәлімдеді.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Таяу Шығыстағы дағдарыс 3 айға созылып барады. Атысты тоқтату келісімі бар десек те, қақтығыс салдары сағат сайын ушығып барады. Мен Ормуз бұғазындағы кемемен қатынау құқығы мен еркіндігінің, мұнай-газ, тыңайтқыштар мен басқа аса қажетті заттардың тасымалының шектелгеніне қатты алаңдап отырмын. Энергетика, транспорт, өнеркәсіп пен азық-түлік нарығы тығырыққа тіреліп, әлем экономикасын тұралатып жатыр. Биылғы ғаламдық экономика өсімі 3,4 пайыздан 3,1 пайызды құлдырайды.
Тегтер #БҰҰ #Ормуз бұғазы #инфляция #24KZ #Таяу Шығыс #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz