Еуропа климат өзгерісін әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлдеқайда жылдам сезініп жатыр.
Copernicus институтының былтыр жариялаған зерттеуіне сәйкес, кәрі құрлықтағы жылыну қарқыны жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Былтыр Еуропа аумағының 95 пайызында ауа температурасы қалыпты деңгейден жоғары болды. Әсіресе бұл Ұлыбритания, Норвегия және Исландияда айқын байқалған. Ғалымдар Еуропаның ең суық аймақтарындағы өзгерістерге көп алаңдайды. Себебі мұздықтардың еруі теңіз деңгейінің көтерілуіне де әсер етеді.
Саманта Бёрджесс, Copernicus институты климаттық қызметінің ғалымы:
- Еуропада былтыр орман өрттерінің салдары ауыр болды. Бұл табиғи апатттан ауаға тараған зиянды қалдықтар көлемі рекордтық деңгейге жетті. Жалпы бір миллион гектардан астам аумақ жанып кетті. Сонымен қатар Еуропаның барлық аймақтарында мұздықтар айтарлықтай азайды. Мысалы, Гренландия бір жылда 139 гигатонна мұз жоғалтты. Бұл Еуропалық Альпідегі барлық мұздықтардан бір жарым еседей көп.
Тегтер #Еуропа #климаттың өзгеруі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz