Бұған аймақтың қорғаныс ведомстволарының АҚШ-тан 6 млрдтан астам долларға қару-жарақ сатып алу жөнінде келісімін жария етуі түрткі болған.
Қытай мемлекеттік кеңесінің ресми өкілі Чэн Биньхуа Тайвань: «Қанша жерден қару қорын жинағанымен елден бөлінбейді», - деп мәлімдеді.
Чэн Биньхуа, ҚХР мемлекеттік кеңесінің Тайвань ісі жөніндегі басқарма өкілі:
- Біз АҚШ пен Тайвань арасындағы кез келген әскери байланысқа үзілді-кесілді қарсымыз. Демократиялық прогрессивті партияның жетекшілігі сепартистік саяси мүдделерін басшылыққа алып АҚШ-тың әскери-өндірістік кешені үшін банкомат ретінде әрекет етіп отыр. Сыртқы күштерге арқа сүйеуден Тайваньдағы отандастарымызға тек зияны тиеді. Қаруды қанша сатып алса да Тайваньды бөлуге бағытталған барлық әрекеттер сәтсіздікке ұшырайтынын қатаң ескертеміз.
Тегтер #Қытай #Тайвань #ескертуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz