Дональд Трамп Конгресске Иранға қарсы соғыс аяқталғаны туралы хабарлады.
«Рейтер» агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ президенті тиісті хатты 60 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты жолдады.
Заң бойынша осыдан кейін әскери операцияны жалғастыру үшін заң шығарушылардың мақұлдауы қажет. Десе де америкалық әскер Таяу Шығыстан әзірге кетпейді. Пентагон Құрама Штаттар мен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесін бермесе, қарулы қақтығысты қайта бастайтынын мәлімдеді. Ал Тегеран Вашингтонға жанжалды реттеу туралы жаңа ұсынысты жіберді. Алайда Трамп оған келіспей отыр.
Тегтер #Дональд Трамп #конгресс #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz