Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми Солтүстік теңізге жөнелтілді.
12 метрлік китті Данияның Скаген қаласынан шамамен 70 шақырым жерге «Fortuna B» буксирі бар баржа мен ілесіп жүрген «Robin Hood» кемесі әкелді. Тимми наурыз айының басынан бері Балтық теңізінің жағасын мекендеген, ал мұндай киттер бұл аймаққа әдетте кірмейді. Ол бірнеше рет таяз суда тұрып қалған, сәуір айының көп бөлігін Пёль аралы маңында өткізді. Тиммидің жағдайын Германия ғана емес, күллі әлем мұқият бақылап отыр. Қайта адасып кетпеуі үшін оған GPS-трекер орнатылды.
Тегтер #кит балық #теңіз #құтқару #Германия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz