Иран АҚШ-қа келіссөздер жүргізу туралы жаңа ұсыныс жолдады.
Ол бейбіт бітім бойынша делдал – Пәкістан арқылы жеткізілген. Бұл туралы Ислам Республикасының ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған "Рейтер" хабарлады. Құжат 14 тармақтан тұрады. Бір жағынан ол осының алдында Вашингтон жолдаған, 9 тармақтан тұратын ұсынысқа жауап ретінде берілген. Онда АҚШ оқ атуды 2 айға тоқтатуды ұсынған болатын. Ал Иран өз кезегінде қақтығысты біржола тоқтатуды талап етіп отыр. Тегеранның ұсынысы бойынша барлық өзекті мәселелер 30 күннің ішінде талқыланып, шешілуі тиіс. Иран қойған шарттардың ішінде қайта шабуыл жасамауға кепілдік, АҚШ әскерін Иранмен көрші аймақтардан шығару, теңіздегі шектеуді алу және Иран активтерін бұғаттан босату бар. Сонымен қатар өтемақы төлеу, санкцияларды жою, Ливан сияқты барлық бағыттағы ұрыс қимылдарын тоқтату талап етілген. Тегеран Вашингтоннан ресми жауап күтетінін жазған.
Тегтер #Иран #АҚШ #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz