АҚШ тұрғындарының басым бөлігі Иранмен соғысқа қарсы.
Мұны халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетті. Оған қатысушылардың 61%-ы Ислам Республикасына әскери күш қолдану қателік болды деп есептейді. Дегенмен, әр он адамның екеуі Құрама Штаттардың әскери операциясын құптап отыр. Бірақ 2006 жылы Иракта және 1970 жылдары Вьетнамдағы соғыс сияқты, Ирандағы қақтығыс америкалықтарға ұнамай отыр деп жазды Washington Post. Тұрғындардың көбі Иранға қарсы әрекеттен АҚШ экономикасы құлдырап, одақтастармен қарым-қатынасы нашарлауы мүмкін деп санайды.
Тегтер #АҚШ #халық #Иранмен соғыс #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz