Израиль астанасы Тель-Авивте ондаған адам шеруге шықты.
Наразы топ "Израиль бастаған және қатысып жатқан соғыстарды тоқтату қажет" дейді. Ереуілшілер әсіресе премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға ашулы. Оны соғысқұмар деп айыптайды. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, Израиль шабуылдарынан Ливанда 2500-ден астам адам қаза тапты. Осы қақтығыс салдарынан тағы 1 миллион 200 мың ливандық жылы орнын суытып, бас сауғалауға мәжбүр.
Дэн Бредли, ереуілші:
- Нетаньяху үкіметі – өте бүлікшіл үкімент. Ол бәрін қатыгез күшпен, кісі өлтірумен, соғыспен және қиратумен шешуге болады деп ойлайды. Соғысуға, бомбаларға біздің етіміз әбден үйреніп алған. Бірақ соғыстың да өз заңдары бар емес пе?! Оларды да аяқ асты еттік. Израильде оппозиция өте әлсіз. Қазіргі үкіметке шамасы жетпей жатыр.
Авнер Гилади, ереуілші:
- Біздің үкімет соғысқа өз адамдарын жібермейді. Олардың орнына менің ұлымды және сұрауы жоқ басқаларды аттандырмақ. Қазіргі үкімет соғыс үшін жауапты. Оларға не болып жатқаны бәрібір. Олар тек өзіміз аман қалсақ болды дейді.
Тегтер #Израиль #Тель Авив #Нетаньяху #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz