RU
Толық нұсқаға өту

Газада 371 мың үй қираған

04.05.2026, 07:20 33

Газа секторының экономикасы 84 пайызға құлдырады. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Сонымен қатар анклавта 371 мыңнан астам үй жермен жексен етілді.

Су және тазалық инфрақұрылымының 90 пайызы қираған немесе зақымдалған. Палестиналықтар шатырларда тұруға мәжбүр. Оның өзі жел мен жаңбырдан, аптап ыстық салдарынан әбден тозған. Ол аздай тұрғындар ауызсудан тарығып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық одақ Израильдің аяусыз шабуылдарынан күл талқаны шыққан анклавты қалпына келтіру үшін кемінде 70 миллиард доллар қажет дейді.

Сабах Маруф, босқын:

- Қыста әрең жан сақтадық. Енді алдымызда аптап ыстық күтіп тұр. Тышқандар түні бойы мазамызды алады. Олар да аш, біз де ашпыз. Біздің басымыздағы нәубетті ешкімнің басына бермесін. Мені өлтіріп кетсе екен деп тілеймін. Еш өкінбей, жан тапсырар едім.

Аммар Ихсан, босқын:

- Жағдайымыз жан төзгісіз. Тамақ, су – ештеңе жоқ. Бұл өмір емес, тозақ. Әрең жан бағып жүрміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz