АҚШ Ормузда қаңтарылып тұрған кемелерді құтқару операциясын бүгін бастайды. Әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Президент Трамп осындай жазба жариялады.
Ақ үй басшысы: «Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысы жоқ әлемнің біраз елі Құрама Штаттардан көмек сұрады», - деп мәлімдеді. Ал кемелерді бұғаздан шығаруды «гуманитарлық шара» деп атады. Президент Трамптың айтуына қарағанда, теңізшілердің азық-түлік қоры таусылуға шақ тұр. Сондықтан бұл операцияға біреу кедергі жасаса, күш қолданатынын ескертті. Бұдан бөлек Иранмен арадағы келіссөзге оң бағасын берді. Сондай-ақ оң нәтижеге қол жеткізуден үмітті екенін атап өтті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Ормуз бұғазыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz