RU
Толық нұсқаға өту

Германия әскери резерв жасақтайды

04.05.2026, 13:30 26

Германия әскери резерв жасақтамақ. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды. Бундесвер, яғни Германияның қарулы күштері арнайы сауалнама жүргізіп, оны 200 мың адамға  жолдаған.

Қыздар анкетаны толтырудан босатылса, ер азаматтар бүкіл сұраққа жауап беруге міндеттелді. Сауалнамадан кейін арнайы іріктеу жүргізілмек. Осылайша, әскер сапын толтыруға ниетті ер азаматтар саны анықталады. Қазір Германияда әскерге бару міндеттелмейді. Бірақ бұл жүйе өзгеруі мүмкін. Парламент жаңа заң жобасын талқылап жатыр. Өйткені НАТО-ның талабы бойынша, 2035 жылға қарай Германиядағы әскер саны 460 мыңға жетуге тиіс.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz