RU
Толық нұсқаға өту

Ливандағы құрбандар саны 2700-ге жетті

04.05.2026, 13:50 28

Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 2700 адамға жетті. Тағы 8 мыңнан астамы жараланған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Шұғыл көшу туралы бұйрыққа байланысты 1 жарым миллионнан астам ливандық бас сауғалауға мәжбүр. Бұл халықтың шамамен 20 пайызы. Құрбандар арасында жүзден аса медицина қызметкері мен құтқарушы бар. Айта кетейік, Израиль 17 мамырға дейін ұзартуға келісілген бейбіт бітімге қарамастан соққы жасауды жалғастырып жатыр. Олар "Біздің нысанамыз – тек "Хезболла" қозғалысының басқару орталықтары мен қоймалары ғана" деп шаң жуытпай отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz