Атлант мұхитындағы круиз кезінде тіркелген хантавирус індетінен кемінде үш адам қаза тапты.
Тағы бір жолаушының жағдайы ауыр. Деректерге сәйкес, MV Hon-dius кемесі Аргентинадан Канар аралдарына бағыт алған. Бортта шамамен 150 жолаушы болған. Сапар барысында бірнеше адамда ауыр респираторлық ауру белгілері байқалған. Осыған байланысты кеме Батыс Африка жағалауында аялдауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жағаға шығуына шектеу қойылған. Мамандардың мәліметінше, хантавирус кеміргіштер арқылы жұғатын сирек инфекция. Ол тыныс алу жүйесін зақымдап, ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Тегтер #круиз #қауіпті #вирус #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz